GGG, алға! Боксшыны қолдау мақсатында ұйымдастырылған флешмоб жалғасуда

Томирис Есқали Корреспондент
GGG, алға! Боксшыны қолдау мақсатында ұйымдастырылған флешмоб жалғасуда
Фото ©️ rabstol.net

Боксшы Геннадий Головкинді қолдау мақсатында спорт порталы Vesti.kz ұйымдастырған флешмобты қазақстандықтар жалғастыруда, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жанкүйерлер видеороликтер түсіріп, оны әлеуметтік желілерге #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегі арқылы жүктеуде.

БӨЛІСУ

Лос Анджелестегі атақты Millennium Dance би студиясында өнер көрсететін биші Алмас Уромбаев боксшыға сәттілік тіледі. Ол Нұр-сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайының алдында видео түсіріп:
"Құрметті, Геннадий! Сізге алдағы жекпе жекте сәттілік тілеу мүмкіндігі туды. Жекпе жек сіз ойлағандай болғанын тілеймін. Сіз қаншалықты күшті боксшы болсаңыз, менің де сондай би әлемін бағындырар жолда тәжірибеңізден сабақ алу үшін болашақта кездесеміз деп үміттенемін. Біз сізбен мақтанамыз және сізге тек жеңіс тілейміз. Алға, GGG!"  деді Алмас.

Одан бөлек, Геннадий Головкинге "Мисс Казақстан  2019" атанған Мадина Батық та сәттілік тіледі. "Гена, сіз біздік халқымыз үшін нағыз чемпионсыз! Біз сізге сенеміз. Алға, GGG! Біз біргеміз",  деді Мадина.

 
 
 
View this post on Instagram

«Мисс Казахстан 2019» Мадина Батык присоединяется к флешмобу в поддержку Геннадия Головкина. Присоединяйтесь и вы! Запишите видео в поддержку GGG. GGG-дің келесі жекпе-жегі 8 маусымда (Қазақстан уақытымен 9 маусымда) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс. Свой следующий бой Головкин проведет 8 июня (9 июня по времени Казахстана) на арене Madison Square Garden в Нью-Йорке, соперником будет канадец Стив Роллс. #GGGalga #GGGbizbirgemyz #GGGалға #GGGмывместе #vestikz MUAH by @ainuraryspect #ggg #алгагена #golovkin #gennadygolovkin #teamgolovkin #golovkinrolls #gggboxing #boxing #миссказахстан #missworld2019 #misskazakhstan #миссказахстан2019 @gggboxing

A post shared by MISS QAZAQSTAN (@misskazakhstan_official) onMay 30, 2019 at 9:16am PDT

Қазақстандық әртістер Беркут пен Аиша да флешмобқа қосылды. Беркут: "Геннадий Головкиннің жекпе-жегін жіберіп алмаңыздар. Біз өзіміздің спортшымызға жанкүйер боламыз. Геннадий Головкин - қазақстандық спортшы. Біздің спортшылар — ең үздіктер",  десе, Аиша: "Жерлесім! Алға", — деп қостады.

Кішкентай бүлдіршіндеріміз де боксшыға сәттілік тілеу мүмкіндігін текке жібермеді: "GGG, алға! Біз сені қолдаймыз!" — деді боксшы тұрысын қайталаған кішкентай балақайлар.

 
 
 
View this post on Instagram

#gggalga #gggалға #gggbizbirgemyz #gggмывместе #vestikz

A post shared by Ермек Байтоков (@ermek.baitokov) onJun 1, 2019 at 6:55am PDT

Флешмобты карағандылық ERG Kazakhstan кеншілері жалғастырды. Видео түсіріліміне 300 жұмысшы қатысқан. Арнайы видео үшін жарылыс ұйымдастырған. Оның ауданы 900 шаршы метрге жетеді. Барлығы 12 тонна жарылғыш зат қолданған, ал жарылған тау кенінің ауданы 97 мың текше метрге тең.

Головкиннің келесі жекпе жегі 8 маусымда (Қазақстан уақыты бойынша 9 маусым) Нью-Йоркте, Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы — канадалық Стив Роллс.