Мадияр Әшкеев WBC жүйесіндегі чемпиондық белбеуге ие болды

Мадияр Әшкеев WBC жүйесіндегі чемпиондық белбеуге ие болды
Фото: instagram.com/madiyarashkeyev

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев бірінші орта салмақта WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) жүйесіне енетін NABF Junior (Солтүстік Америкадағы бокс федерациясы) чемпиондық белбеуіне ие болды.

Отандасымыз мансабындағы маңызды жекпе-жегін Аризона штатындағы Тусон қаласында өткізді. Жергілікті боксшы Сесил Маккалламен жұдырықтасып, қарсыласына мықтылығын мойындатты.

10 раунд қорытындысы бойынша Мадияр төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіске жетті.

Мадияр Әшкеев осыған дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіс жетіп келеді. Ал мансабында алғаш рет чемпиондық белбеуді иеленді.

Ө. Сансызбай