Данияр Елеусінов GGG шығатын бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды

Данияр Елеусінов GGG шығатын бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды
Фото: Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) 8 маусым күні GGG шаршы алаңға шығатын бокс кешінде бақ сынамайтын болды. Бұл туралы өзі instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Данияр кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін 25 мамырда өткізетіні жайлы ертерек айтылған. Кейіннен Геннадий Головкин басты жекпе-жекте шаршы алаңға шығатын бокс кешіне уақытын өзгерткені жайлы ақпарат шыққан. Бірақ ресми жарияланбаған еді. Белгілі болғандай, боксшы қайта 25 мамырда жекпе-жек өткізетін болды. Бұл бокс кеші Мэрилендте (АҚШ) өтеді. Қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

#may25th ???????? Maryland ????

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)15 Май 2019 в 4:17 PDT

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жек 8 маусым күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым таңда) өтеді. Сондай-ақ бұл бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Али Ахмедов та жекпе-жек өткізеді.

Н. Үсенова