"Канело" Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
"Канело" Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңді
Фото ©️ CBS Sports

Орта салмақта WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты ұтып, IBF чемпиондық белбеуін иеленді.

БӨЛІСУ

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтті. Кездесу жоспарланған 12 раундқа созылып, жеңімпаз төрешілер есебі бойынша анықталды. Нәтиже -  116:112, 115:113, 115:113. Жеңіс мексикалық боксшы еншісінде.

Канело Джейкобсты ұтып, үшінші чемпиондық белбеуді иеленді. Енді оның абсолютті чемпион атануы үшін WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақты ұтып алуы тиіс.

Лас-Вегастағы бокс кешіне отандасымыз Геннадий Головкин де барды. Жаңа жаттықтырушысымен бірге аренадан тамашалады.