"Аякс" Лондонда өткен бірінші ойында "Тоттенхэмді" ұтты

"Аякс" Лондонда өткен бірінші ойында "Тоттенхэмді" ұтты

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы бірінші ойында "Аякс" "Тоттенхэмді" ұтты. Лондонда өткен кездесуде амстердамдық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті.

"Аяксқа" жеңіс сыйлаған голды 15 минутта Дони ван де Бек соқты. Қақпашы Уго Льориспен бетпе-бет шыққан бойда, допты қақпаға тура бағыттап үлгерді.

Екі команда арасындағы қарымта ойын 8 мамырдан 9 мамырға қараған түні өтеді.

Бүгін түнде екінші жартылай финалдағы "Барселона" мен "Ливерпуль" командалары арасындағы бірінші ойын өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады.

Айта кетейік, 2019 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді