Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстандық киберспортшының командасы әлемдік турнирде топ жарды

Қазақстандық киберспортшының командасы әлемдік турнирде топ жарды

Қазақстандық киберспортшының командасы әлемдік турнирде топ жарды

Қазақстандық киберспортшы Дәурен "Adren" Қыстаубаев CS:GO ойыны бойынша АҚШ-та өткен BLAST Pro Series Miami 2019 халықаралық жарысында қарсылас шақ келтірмеді.

Дәурен өнер көрсететін солтүстікамерикалық FaZe Clan командасы финалда Team Liquid ұжымынан 2:0 есебімен басым түсті. Mirage картасында 16:6, Dust2 картасында 16:12 есебімен жеңді. 

Алғашқы кезеңде алты команда round-robin форматындағы топқа түсті. Бұл алтылықтың ішінде үздік шыққан екі команда гранд-финалға жолдама алды. 

Жеңімпаздар:

1 орын. FaZe Clan - $125 000;

2 орын. Team Liquid - $50 000;

3 орын. Mibr - $25 000.

Бұған дейін қазақстандық ойыншының командасы Атлантада өткен ELEAGUE CS:GO Invitational 2019 жарысында топ жарған еді. Алғашқы турда "FaZe Clan" "Cloud9" командасына есе жіберген. Дегенмен "FaZe Clan" төменгі себетте "compLexity Gaming" және "BIG" командаларын жеңіп ақтық сынға жолдама алды. Финалдық кездесуде қазақстандық ойыншының командасы америкалық "Cloud9" ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, 80 мың АҚШ долларын иеленді.

Дәурен "AdreN" Қыстаубаев "FaZe Clan" командасына осы жылдың басында қосылған. Қазақстандық киберспортшы биылғы жыл аяқталғанша солтүстік америкалық ұжымның сапында өнер көрсетеді.

"AdreN" жанкүйер қауымға "Gambit Esports" командасының сапында жүргенде танылды. "Gambit Esports" ұжымымен Польшаның Краков қаласында өткен "PGL Major Krakow 2017" әлем біріншілігінде күтпеген жерден CS:GO ойынынан чемпион атанды. Сонымен қатар, "Virtus.pro", "Astana Dragons", "HellRaisers", "dAT Team" және "HS.GG" сияқты командалардың сапында өнер көрсеткен.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: twitter.com/BLASTProSeries/s
Қосылған күні: 15 сәуір, 11:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.