Жәнібек Әлімханұлы екі бірдей чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы екі бірдей чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
Фото: Janibek Alimkhanuly team

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуір күні Лос-Анджелесте WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық боксшы Кристиан Олливас.

Сүйінші хабарды спортшының PR-менеджері Берік Сұлтан хабарлады. Жәнібек кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегінде чемпиондық белбеуге таласпақ.

- Сүйінші, ағайын! Бұл біз үшін тарих.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегінде 2 бірдей белбеуге жұдырықтасады бұйыртса. 12 сәуірде Лос Анжделесте WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі үшін 10 раундттық жекпе-жек өткізеді.

Жәнібектің қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген, құламаған тәжірибелі мексикалық Кристиан Олливас.

Біз үшін өте жауапты жекпе-жек. Жеңісті берге тойлауды жазсын. Осы шоудан соң Қазақ бoкс стилі әлемге кеңінен танылатын болады, бұйыртса, - деп жазды Берік facebook парақшасына.

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ үш жекпе-жек өткізді. Оған дейін елімізде екі кездесу өткізген. Барлық жекпе-жектерінде қарсыластарын айқын жеңіп келеді.

Әуесқой бокста Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Ө. Сансызбай