Мадридте "Барселона" "Реалды" ойсырата ұтты

Мадридте "Барселона" "Реалды" ойсырата ұтты
Фото: Reuters©

Футболдан Испания кубогы жартылай финалындағы қарымта ойында "Барселона" Мадридте "Реалды" 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Екі команда арасындағы "Камп Ноудағы" бірінші ойын тең аяқталған болатын. Қарымта ойында каталондық клуб айқын жеңіске жетіп, финалға шықты.

Эль-Класикодағы үш гол да екінші таймда соғылды. "Барселона" сапында Луис Суарес дубль жасады. Шабуылшы жарақатына байланысты алаңға шықпауы мүмкін деп те жазылған. Алайда алғашқы минуттардан-ақ ойынға араласты.

50 минутта Суарес ойын кезінде гол соқса, 73 минутта пенальтиді сәтті орындады. Ал бұл екі голдың арасында "Реал" қорғаушысы Рафаэль Варан өз қақпасына гол соғып, қонақтарға басымдық сыйлады.


Екі ойын қорытындысы бойынша 4:1 есебімен басым болған "Барселона" финалға шықты. Блаугрананың финалдағы қарсыласы бүгін түнде "Валенсия" және "Бетис" командалары арасындағы ойыннан кейін белгілі болады. Екі команда арасындағы бірінші ойын 2:2 есебімен аяқталған.

Айта кетейік, "Реал" мен "Барселона" осы екінші рет тағы да кездеседі. 2 наурыздан 3 наурызға қараған түні "Сантьяго Бернаубеуде" кезекті Эль-Класико. Испания чемпионатының XXVI тур ойындары аясындағы кездесуде командалар 3 ұпайды сарапқа салады.

Қазіргі таңда ла лигада "Барселона" 57 ұпаймен көш бастап келеді. Ал "корольдік клубта" 48 ұпай бар.

Ө. Сансызбай