2021 жылы автожарыстың жаңа түрі пайда болады

2021 жылы автожарыстың жаңа түрі пайда болады
Фото: ESPN

2021 жылы автожарыстың жаңа түрі пайда болады. Автодода Extreme E деп аталады. Бұған тек электромобильдер ғана қатысады.

Жаңа жарыс түрін ұйымдастыруды қолдаушылардың бірі - қазіргі "Формула 1" чемпионатының бас промоутері Алехандро Агаг. Сондай-ақ McLaren командасының директоры Жилем де Ферран да бұл бастамаға өз үлесін қоспақ.

Автодода экзотикалық аймақтарда ұйымдастырылмақ екен. Кей бейресми ақпараттар бойынша жарыс Арктика, Гималай таулары, Амазонка, Сахара шөлі мен Үнді мұхитындағы аралдарда да өтуі мүмкін.

Бұл жарысты ұйымдастырудың басты мақсаты - климаттың өзгеруіне қоғам назарын аудару болмақ. Өтетін жердің табиғатына байланысты электрлі жол талғамайтын автокөліктер жарыс жолына шығады.

Жилем де Ферран бұл жарыс автоспорт тарихында ең қызықты жарыстардың бірі болатынын сұқбаттарында айрықша айта бастады.  

Ө. Сансызбай