Қанат Ислам болашағы зор қазақстандық кәсіпқой боксшыларды атады

Қанат Ислам болашағы зор қазақстандық кәсіпқой боксшыларды атады

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Vesti.kz сайтына берген сұқбатында отандық боксшылардың болашағы жайлы айта кетті.

- Қазіргі таңда мықты боксшылар көп. Жақында ғана Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы жарқын жеңістерімен қуантты. Егер олар әуесқой бокста қалғанда, келесі Олимпиада ойындарында топ жарған болар еді. Мен олармен спарринг өткізгенмін. Талантты боксшылар. Болашақта олар әлемді мойындатып, қазақ елінің атын шығаратынына сенемін.

Сондай-ақ Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтановты да ерекше айта кетуге болады. Қазақстандық кәсіпқой бокстың болашағы осы жігіттердің қолында, - деді Қанат.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов, Жәнібек Әлімханұлы мен Қанат Ислам танымал америкалық менеджер Эгис Климаспен бірге жұмыс жасайды.

Қанат Ислам 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанған.

Qazaq 2017 жылдың қыркүйек айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Астанада канадалық боксшы Брендон Кукпен жұдырықтасып, 9 раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жеңген болатын. Одан кейінгі жекпе-жегін 2018 жылдың 23 маусымында өткізетіні белгілі болған еді. Алайда отандасымыз жаттығу кезінде жарақат алып, жекпе-жек өтпей қалды.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар