Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшыны нокаутпен жеңді

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшыны нокаутпен жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Санта-Инестегі (АҚШ, Калифорния штаты) бокс кешінде мексикалық Рамон Агинагиді екінші раундта нокаутқа түсірді.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Екінші раундтан кейін жұдырықтасу жалғасқан жоқ. Қарсыласын айқын ұтқан Мейірім кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз барлық кездесуінде жеңіске жетіп келеді. 8 кездесуінде уақытынан бұрын қарсыласын ұтқан.

Санта-Инестегі бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мадияр Әшкеев шаршы алаңға шықты. Пуэрто-рикалық Луис Эрнандеспен 10 раунд бойы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар