Қазақстандық кәсіпқой боксшы жастар арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы жастар арасында әлем чемпионы атанды
Фото: Eye of the Tiger Management

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанды. Отандасымыз чемпиондық жекпе-жекте мексикалық Абрахам Хуаресті жеңді.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Монреальда өтті. 10 раундқа жоспарланған кездесу 4-ші раундта аяқталды. Мексикалық боксшы екі рет қатарынан нокдаун алғаннан кейін төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатты.

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы 7-ші жеңісіне қол жеткізді. Барлық жекпе-жектерінде уақытынан бұрын жеңіске жетіп келеді. Әуесқой бокста ол 2016 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған.

Қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуі мен жеңісін қазақтың көз жасына арнайтынын айтты. 2018 жылы дүниеден озған Денис Тен мен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге арнады.

Ө. Сансызбай