Данияр Елеусінов никарагуалық боксшыны нокаутпен жеңді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Данияр Елеусінов никарагуалық боксшыны нокаутпен жеңді
Фото ©️ Sky Sports

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Монакода никарагуалық Маркос Мохиканы нокаутпен жеңді.

БӨЛІСУ

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз үшінші раундта жеңіске жетті. Екінші раундта Данияр қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта никарагуалық боксшы кезекті рет есеңгірегеннен кейін, төреші кездесуді тоқтатты. Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Монакодағы бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зауырбек те жекпе-жек өткізді. Ол да никарагуалық боксшы Джонсон Теплесті техникалық нокаутпен жеңді.