Роналдудың хет-тригі ӘЧ-2018-дің ең есте қаларлық оқиғасы деп танылды

Роналдудың хет-тригі ӘЧ-2018-дің ең есте қаларлық оқиғасы деп танылды
Фото: twitter.com

ФИФА-ның әлем чемпионатына арналған Twitter парақшасы ӘЧ-2018-дің ең елеулі оқиғасын анықтау үшін сауалнама өткізді. Оған 14 мыңға жуық оқырмандар қатысты. Дауыс беру нәтижелеріне қарағанда Португалия құрамасының шабуылшысы және капитаны Криштиану Роналду ӘЧ-2018-дің ең есте қалған ойыншысы деп танылған.

Португалия құрамасы топтық кезеңде Испанияға қарсы ойын өткізіп, кездесу 3:3 есебімен тең аяқталған болатын. Тартысты ойында Роналду Испания қақпасына хет-трик жасаған еді. 


Дауыс беру нәтижесі бойынша Роналдудың хет-тригі 50 пайызға ие болып, жеңімпаз атанған. Ал Германия-Швеция ойынындағы Тони Кроостың соққан голы екінші орынды (24 пайыз) иеленді. 

Үштікті Португалия қүрамасына соққан голымен Эдинсон Кавани (19 пайыз) қорытындылап тұр. Тізімнің төртінші орнында перулік шабуылшы – Хосе Паоло Герреро (9 пайыз).

Т. Раушанұлы