"Реал" шабуылшысы Месси мен Раульдің рекордын қайталады

"Реал" шабуылшысы Месси мен Раульдің рекордын қайталады
Фото: Player Next Level

"Реал Мадрид" футбол клубының шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар лигасында Лионель Месси мен Раульдің рекордын қайталады. Француз футболшысы Еуропаның басты бәсекесінде 14-ші маусым қатарынан гол соқты.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші турында "корольдік клуб" Чехияның "Виктория Пльзень" командасымен кездесті. "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі алғашқы голды 11 минутта Бензема соқты.


Шабуылшы Месси мен Раульдің рекордын қайталап қана қоймай, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде төртінші орынға көтерілді. Осы жарыстағы 57-ші голын соғып,
Рууд ван Нистелройды басып озды.

Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмергендер:

1. Криштиану Роналду - 120 гол
2. Лионель Месси - 105
3. Рауль - 71
4. Карим Бензема - 57
5. Рууд ван Нистелрой - 56

11 жылда алғаш рет: Месси мен Роналду қатыспайтын "эль-классико" өтеді

Чемпиондар лигасы

Түнде өткен ойындар нәтижелері:

"E" тобы

АЕК (Грекия) - "Бавария" (Германия) - 0:2 
Гол соққандар: Хави Мартинес, 61, Роберта Левандовски, 64 

"Аякс" (Нидерланд) - "Бенфика" (Португалия) - 1:0 
Гол соққан: Нуссайр Мазрауи, 90+2

"F" тобы 

"Хоффенхайм" (Германия) - "Лион" (Франция) - 3:3
Гол соққандар: Андрей Крамарич, 32, 47, Жоэлинтон, 90+2 - Бертран Траоре, 26, Тангай Н'Домбеле Альваро, 59, Мемфис Депай, 67 

"Шахтер" (Украина) - "Манчестер Сити" - 0:3 
Гол соққандар: Давид Сильва, 30, Эмерик Лапорт, 35, Бернарду Силва, 70 

"G" тобы

"Рома" (Италия) - ЦСКА (Ресей) - 3:0
Гол соққандар: Эдин Джеко, 30, 43, Дженгиз Ундер, 50  

"Реал" (Испания) - "Виктория Пльзень" (Чехия) - 2:1 
Гол соққандар: Карим Бензема, 11, Марсело, 55 - Патрик Грошовски, 78 

"H" тобы 

"Янг Бойз" (Швейцария) - "Валенсия" (Испания) - 1:1 
Гол соққандар: Гийом Оаро, 55 - Миши Батшуайи, 26 

"Манчестер Юнайтед" (Англия) - "Ювентус" (Италия) - 0:1 
Гол соққан: Пауло Дибала, 17

Турнир кестесі

Ө. Сансызбай