Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын 57 секундта жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын 57 секундта жеңді
Фото ©️ Eye of The Tiger Management

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов мексикалық Хесус Хавьер Мендозаны 57 секундта нокаутқа түсірді.

БӨЛІСУ

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған болатын. Садриддин қарсыласын 1 минутқа жеткізбей техникалық нокаутпен жеңіп шықты.

20 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Төрт кездесуінде де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықты. Кәсіпқой боксқа осы жылы қадам басқан болатын.

Садриддин Ахмедов әуесқой деңгейде 2016 жылы әлем чемпионы атанған боксшы. Кәсіпқой бокстағы төрт кездесуін де Канада жерінде өткізді. Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Бұл компанияда Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО), Абылайхан Хұсаинов (9-0, 6 КО) және Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) сынды қазақ боксшылары бар.

Монреальдағы бокс кешінде Абылайхан Хұсайнов та шаршы алаңға шықты. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте мексикалық Хесус Лагунаны 2:54 минутта нокаутқа түсірді.