GGG мен Канело Лас-Вегасқа ат басын бұрды

О Сансызбай Корреспондент
GGG мен Канело Лас-Вегасқа ат басын бұрды
Фото ©️ Torres Boxing

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы жекпе-жек өтетін Лас-Вегасқа ұшып келді.

БӨЛІСУ

"Канело" өзін жеңіл сезіну үшін пижама секілді спорттық киім үлгісін таңдаған. Ал Головкин классикалық джинсы үлгісінде киінген.

Екі боксшы Лас-Вегастағы уақыт бойынша 15 қыркүйек күні кеште шаршы алаңға шығады. Ал Астана уақытымен 16 қыркүйектің таңына тура келеді. Қазақстандық спортсүйер қауым бокс кешін тікелей эфирде тамашалай алады.

Алдағы жекпе-жекте отандасымыз чемпиондық атағының барлығын қорғайды. Сондай-ақ иесіз тұрған The Ring чемпиондық атағы мен WBC ұйымының арнайы белбеуі де жеңімпазға табысталады.