Ұлттар лигасының алғашқы голын грузин футболшысы соқты

Ұлттар лигасының алғашқы голын грузин футболшысы соқты
Фото: Sova.News

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) су жаңа турнирі Ұлттар лигасы Астанадағы Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы ойынмен басталды. Дүбірлі доп додасының алғашқы тарихи голын грузин ойыншысы Гиорги Чакветадзе соқты.

Қазақстан мен Грузия арасындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Алғашқы қауіпті соққыны Бауыржан Исламхан айып соққысынан бағыттаған. Доп қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Одан кейін 26 минутта Дмитрий Шомко допты қақпа сызығынан қайтарды. Дәл осындай қауіпті шабуылды Қазақстан құрамасы да жасады. Бұл жолы қонақтар қатарынан Георгий Наваловский қақпасын голдан аман алып қалды.

Екінші тайм басында Алексей Щеткиннің гол соғатын тамаша мүмкіндігі болған. Алайда Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаевтың тамаша пасын пайдалана алған жоқ. 69 минутта Гиоргий Чакветадзе шеберлік танытып, Ненад Эрич қақпасына допты тура бағыттады. Доп қақпа торында тулап, есеп ашылды. Грузин футболшысы Ұлттар лигасының тұңғыш тарихи голын соқты.

19 жастағы Гиоргий грузин футболының жарқын жұлдызы саналып жүр. Бельгияның "Гент" командасында ойнайды. Бұл ойыншыға ағылшындық клубтар да қызығушылық танытуда.

Н. Үсенова