Месси 12 жыл ішінде алғаш рет үздіктер қатарына енбей қалды

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Месси 12 жыл ішінде алғаш рет үздіктер қатарына енбей қалды
Фото ©️ baomoi.com

Халықаралық футбол одақтары қауымдастығы (ФИФА) 2018 жылдың ең үздік футболшысына берілетін The Best марапатына үміткер 3 футболшының тізімін жариялады. Бұл қатарға әлемдегі ең қымбат ойыншылардың бірі Месси енбей қалған.

"TheBest FIFA Men's Player Award" сыйлығына үміткерлер:

Криштиану Роналду ("РеалМадрид", "Ювентус"/Португалия)
Лука Модрич ("Реал Мадрид"/Хорватия)
Мохаммед Салах ("Ливерпуль"/Мысыр). 

БӨЛІСУ

ФИФА шілде айында 10 үміткердің тізімін жариялағанын жазған едік. Олар: Эден Азар ("Челси") мен Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити"), француз Рафаэль Варан ("Реал"), Антуан Гризманн ("Атлетико") және Килиан Мбаппе (ПСЖ), ағылшын Харри Кейн ("Тоттенхэм"), хорват Лука Модрич ("Реал"), мысырлық Мұхамед Салах ("Ливерпуль"), португалиялық Криштиану Роналду ("Ювентус") және аргентиналық Лионель Месси ("Барселона") еді. Үздік үштікке Месси соңғы 12 жылдан бері алғаш рет енбей отыр.

Әлемнің үздік футболшысы дауыс беру арқылы анықталады. Сауалнамаға FIFA құрамындағы елдердің ұлттық құрамаларының бас бапкерлері мен капитандары, сонымен қатар әр елдің спорттық басылымдары тартылады (дауыс береді).

Жалпы, "The Best FIFA Football Awards" шоуында тоғыз номинация бойынша жыл үздіктері анықталады. Олар – үздік футболшы, әйелдер арасындағы үздік футболшы, үздік жатықтырушы, әйелдер арасындағы үздік жаттықтырушы, үздік қақпашы, ең үздік гол соққан ойыншыға Ференц Пушкаш атындағы жүлде, fair play (әділетті ойын), FIFA Fan Award (жанкүйерлерге арналған жүлде), таңдаулы құрама. 

"TheBest Men’s Coach Award" – жылдың үздік бапкер марапатынан үміткерлер: 
Златко Далич (Хорватия) 
Дидье Дешам (Франция) 
Зинедин Зидан ("Реал Мадрид"). 

"TheBest FIFA Goalkeeper Award" – жылдың үздік қақпашысы: 
Тибо Куртуа ("Челси", "Реал"/Бельгия) 
Уго Льорис ("Тоттенхэм"/Франция) 
Каспер Шмейхель ("Лестер"/Дания). 

"FIFA Fan Award"– жылдың үздік жанкүйері марапатына үміткерлер: 
Себастьян Каррера 
Жапония мен Сенегал құрамаларының жанкүйерлері 
Перу құрамасының жанкүйерлері 

Аталған ойыншылардың жеңімпазы 24 қыркүйек күні Лондонда өтетін "The Best FIFA Football Awards" кешінде анықталады.

Айта кетейік, "France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді.