Қазақстандық самбошы қыз Азия ойындарында топ жарды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Қазақстандық самбошы қыз Азия ойындарында топ жарды
Фото ©️ Сали Сабиров

Қазақстандық самбошы қыз Ділдаш Күрішбаева 68 кг салмақта Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынына 14-ші алтын медальды салды.

БӨЛІСУ

Финалда отандасымыз өзбек самбошы қызы Нилуфар Даулетовамен кездесті. Қарсыласын 3:0 нәтижесімен жеңіп, топ жарды. Нилуфар жартылай финалда қазақстандық тағы бір самбошы Динара Құдарованы жеңіп кеткен еді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 14 алтын 16 күміс, 43 қола медальмен жалпы есепте 9-орында келеді. Самбо спорты бойынша отандастарымыз 2 алтын 2 қола медаль еншіледі.