Қазақстан қоржынына 13-ші алтын медаль түсті

Қазақстан қоржынына 13-ші алтын медаль түсті
Фото: Olympic.kz

XVIII жазғы Азия ойындарында байдаркамен 200 метрге жарысуда Инна Клинова бірінші келіп, жеңімпаз атанды. Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 13-ші алтын медаль.

Инна Клинова мәреге 42,045 секундта жетті. Қытайлық спортшы 42,507 секунд уақыт көрсеткішімен екінші болып келді. Ал үшінші орынды жапон Юка Оно (43,092 сек) иеленді.

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында екінші рет топ жарды. 2014 жылы Инчхонда өткен жарыста да алтыннан алқа таққан болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 13 алтын 14 күміс 42 қола медальмен жалпы есепте 9-орында келеді.

Н. Үсенова