Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды

Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды

Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды

Допинг дауына байланысты жаза уақыты аяқталып, спортқа қайта оралған Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында топ жарды.

Қазақстандық спортшы жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынады. Осыған дейін 53 кг-ға дейінгі салмақта жарыстарға қатысып келсе, жаңа ережеге сәйкес 55 кг-ға дейінгі салмақта жарысқа қатысатын болады.

Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып саналатын ел біріншілігінде Зульфия Чиншанлоға тең келер қарсылас табылмады. Сәуле Сәдуақасованың нәтижесі ғана жуықтаған. Бірақ ол 59 кг-ға дейінгі салмақта жарыс жолына шықты.

Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 85 кг-нан бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 кг-ды көтерді. Үшінші рет шыққанда 90 кг спортшының ырқына бағынбады.

Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 кг-ға тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады.  Нәтижесінде 202 кг (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді.

Екінші орын алған Ақмарал Үргембаева (58+76) Зульфиядан 68 кг-ға қалып қойды. Үшінші орынды Камила Острикова (58+75) иеленді.

Айта кетейік, Зульфия Чиншанлоның спорттық жарыстарға қатыспау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын. Ел чемпионаты - допинг дауынан кейінгі алғашқы жарысы. Спортшы Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.

Фото: reuters
Қосылған күні: 29 тамыз 2018, 13:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.