Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші алтын медаль түсті

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші алтын медаль түсті
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Дархан Нортаев XVIII жазғы Азия ойындарында топ жарып, Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші алтын медальды салды.

БӨЛІСУ

62 кг салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда Бірікке Араб Әмірлігінен келген қарсыласы Омар әл-Фадлиден басым түсті. Оған дейін Мұхаммед Әбу-Дристі (Бахрейн), Карлос Анжело Пенаны (Филиппин), Абдылдабек Кекеновты (Қырғызстан) және Сайд әл-Мазруиді (БАӘ) жеңген болатын.

21 жастағы Дархан Нортаев  джи-джитсуден 2016 жылғы әлем чемпионы, 2017 жылғы әлем біріншілігінде қола алған. Биыл Ақтауда болған Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген спортшы.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 4 алтын 7 күміс 25 қола медальмен жалпы есепте 11-орында келеді.