Азия ойындарындағы алғашқы жүлдеміз алтын болды

Азия ойындарындағы алғашқы жүлдеміз алтын болды
Фото: Данияр Майлыбаев

Бүгін Иондонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында жазғы Азия ойындары басталды. Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы жүлде алтын болды.

Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Отандасымыз финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Сан Ен Пакты жеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алды тұрды. Дегенмен соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жетті. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп - 15:12.

Дмитрий Алексанин Джакартадағы жеңісін қапияда қаза болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнады. 

Еске сала кетейік, Дмитрий Алексанин жартылай финалда Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Джунг Джинсуннан басым түскен болатын.

Ө. Сансызбай