АҚШ-тағы қазақ полицей Димаш Ниязов шаңырақ көтерді

АҚШ-тағы қазақ полицей Димаш Ниязов шаңырақ көтерді
Фото: instagram.com

АҚШ-тағы қазақ полицей, әрі кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов шаңырақ көтерді. Ол америкалық ару Дженнифер Хорватты жар еткен.

Неке қию рәсімі кезінде түсірілген видеоны Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Ол қатты қобалжығанын жазған. Геотегтерге қарап салтанатты шараның Гавай аралдарында өткенін аңғаруға болады.

- Қандай керемет күн. Осы сезімді жеткізетіндей сөз таба алмай отырмын. Мен өзімнің ең жақын досыма үйлендім. (...) Құдайға рақмет, достарыма және батасын берген отбасымыздың мүшелеріне рақмет. Біз сіздерді бағалаймыз және жақсы көреміз", - деп жазды полицей.

Димаш Ниязов - Нью-Йоркте полицей болып қызмет етеді, Қазақстан тумасы. 13 жасында АҚШ-қа қоныс аударған. NYPD (New York City Police Department) жұмыс істейді, Бруклин аудандарында полицей қызметін атқарады. 2017 жылдың басында ең үздік қызметкер атағын алды.

Ө. Сансызбай