Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая көз арбасты

О Сансызбай Корреспондент
Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая көз арбасты
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) пен түрік боксшысы Хизни Алтункая (30-1, 17 КО) чемпиондық жекпе-жек алдында көз арбасты. Олар 7 шілде күні Астанада WBA (Regular) чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

БӨЛІСУ

34 жастағы қазақстандық боксшы бұл чемпиондық белбеуді осыған дейін де иеленген. Кейіннен жарақатына байланысты мансабын аяқтаған еді. Қаңтар айында кәсіпқой боксқа қайта оралғанын хабарлаған болатын.

Қазіргі таңда Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) чемпиондығына үміткерлер қатарында екінші орында. Уақытша чемпиондық атаққа ие француз (тегі армян) Арсен Гуламирянға ғана жол беріп тұр. Ол қазақстандық Геннадий Головкинмен бірге жаттығатын боксшылардың бірі.

Түрік боксшысы Хизни Алтункая болса WBA тізімінде үшінші қатарда тұр. Мансабындағы жекпе-жектерінің барлығын дерлік Германияда өткізген. Тек 2017 жылы Гданскіде (Польша) өткізген өзге елдегі жалғыз жекпе-жегінде жеңілген. WBF жүйесі бойынша уақытша чемпиондық атаққа ие болған. Бір кездері GBC құрлықтық белбеуін иеленген боксшының бірі.

Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасындағы жекпе-жек 7 шілде күні Астанада өтеді. Сондай-ақ осы күні елордада WBA директоратының кеңесі болады.