Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралды

Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралды
Фото: vk.com

Қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралды. Бұл туралы спортшы бүгін Астанада өткен брифинг кезінде хабарлады.

- Мен кәсіпқой бокстағы мансабымды қайта жалғайтынымды ресми түрде хабарлаймын. Осыған дейін менеджермен келіспеушіліктер болды. Ол мен күткен жекпе-жектерді ұйымдастырып бере алмады. Оның үстіне мен көзімнен жарақат алдым. Осының барлығы жинала келе мен мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдаған болатынмын.

Негізі шын мәнінде маған демалыс керек болған екен. Қазір мен жарақатымнан айықтым. Жекпе-жекке шығуға дайынмын. Алдағы кездесуіме келіссөздер жүргізудеміз, - деді боксшы.

Айта кетейік, 34 жастағы Бейбіт 2017 жылдың жазында кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтағаны жайлы хабарлаған болатын. Ол екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы.

Ө. Сансызбай