Геннадий Головкин IBF чемпиондық атағынан айырылды

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкин IBF чемпиондық атағынан айырылды
Фото ©️ kp.kz

Қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин орта салмақта Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпиондық атағынан айырылды. 

БӨЛІСУ

ESPN, BoxinScene жəне өзге де беделді басылымдар хабарлағандай, қазақстандық боксшының чемпиондық атағына қатысты шешім 6 маусым күні қабылданған. 

IBF Геннадий Головкинді украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға міндеттеді. Головкиннің командасы бұл жекпе-жекке келісім беруге үзілді-кесілді қарсы болды. Нәтижесінде қос тарап арасындағы жағдай тығырыққа тірелген-ді. 

Ұйым ережесі бойынша боксшы бір рет қана кездесуін кейінге шегере алады. Мұны GGG 5 мамыр күні Ванес Мартиросянға қарсы пайдаланды. Екінші рет тағы өтінген. Алайда IBF шешімі басқа болды.

Қазақстандық боксшы IBF чемпиондық атағын 2015 жылдың қазан айында жеңіп алған болатын. Давид Лемьені 8 раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Қазіргі таңда GGG орта салмақта WBC, WBA (Super) жəне IBO чемпиондық атақтарына ие.