Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжанды 3:0 есебімен ұтты

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжанды 3:0 есебімен ұтты
Фото: vesti.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы бірінші голды 13 минутта Роман Мұртазаев соқты. Араға бірер минут сала Серікжан Мұжықов есепті еселеді. Ойындағы үшінші голды 90 минутта жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өз еншісіне жазды. Оның алыстан қия тепкен добын Әзірбайжан құрамасының қақпашысы қайтара алмады.

Бір қызығы, ойындағы үш голды да "Астана" командасының ойыншылары соқты. Ал Станимир Стойлов ұлттық құраманы үшінші ойынына бастап шықты. Бірінші кездесуінде Венгрия құрамасын 3:2 есебімен ұтса, екінші кездесуде Болгарияға 2:1 есебімен ұтылған болатын.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қыркүйек күні Ұлттар лигасы аясында Грузияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ топта Латвия мен Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.

Н. Үсенова