• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Юлия Путинцева "Роллан Гарростың" жартылай финалына шыға алмады

Юлия Путинцева "Роллан Гарростың" жартылай финалына шыға алмады
Фото: reuters

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық біріншілігінің (Роллан Гаррос) жартылай финалына шыға алмады. Отандасымыз ширек финалда америкалық теннисші Мэдисон Кизге жол берді.

Теннисшілер арасындағы ойын 1 сағат 26 минутқа созылды. Бірінші сетте 5:3 есебімен жеңіп Юлия қарсыласына тай-брейкте есе жіберіп алды. Ал екінші сет 6:4 есебімен аяқталды.

Юлия Путинцева WTA рейтингінде 98-орында тұрған теннисші. Осы жарыстағы нәтижесінен кейін жоғарылайтын болады. Ал Мэдисон Киз болса бұл рейтингте 13-орында келеді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшінің "Роллан Гарростағы" үздік нәтижесі осы – ширек финал. Теннисші 2016 жылы да ширек финалға дейін жеткен еді.

О. Сансызбай
Logotype Massaget