"Astana Arlans" жартылай финалдағы алғашқы кездесуін Ұлыбританияда өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
"Astana Arlans" жартылай финалдағы алғашқы кездесуін Ұлыбританияда өткізеді
Фото ©️ Astana Arlans (vk.com)

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын "Astana Arlans" бокс клубы "British Lionhearts" командасына қарсы жартылай финалдағы алғашқы кездесуін Ұлыбританияда өткізеді.

БӨЛІСУ

Қос команда арасындағы бокс кеші 17 мамыр күні Шеффилд қаласында өтеді. Ал қарымта кездесу 26 мамыр күні Атырау қаласындағы "Жайық" мәдени-спорттық кешенінде болады.

Қос команда боксшылары WSB жобасы аясында осыған дейін екі рет кездескен. 2016 жылы британдықтар басым болса, өткен жылы "Арландар" азуын батырған еді.

Жартылай финалдағы екінші жұпта "Cuba Domeodores" (Куба) командасы мен "France Fighting Roosters" (Франция) командалары кездеседі.

Командалар қос жекпе-жек қорытындысы бойынша тең болған жағдайда, 69 кг салмақта қосымша кездесу өтеді. Ал финалда тең болса, 64 кг салмақта қосымша жекпе-жек өтетін болады.