"Астана" 19 турдағы ұпайын ерте еншіледі

"Астана" 19 турдағы ұпайын ерте еншіледі
Фото: fca.kz

Футболдан ел премьер-лигасының 19 турындағы "Қызылжар" мен "Астана" командалары арасындағы кездесу бүгін өтті. Негізінен бұл ойын 19 шілде күні өтуі тиіс еді. Елордалық команда өтініші бойынша уақыты өзгертілген.

Петропавлда өткен кездесуде "Астана" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голды ойын соңына қарай Патрик Твумаси соқты. Бірінде айып соққысынан мергендік танытса, екіншісінде Марин Томасовтың берген пасын сәтті пайдаланды.

7 ойыннан кейін Патрик Твумаси мергендер көшінде командаласы Бахтиер Зайнутдиновпен теңесті. Екеуі де 4 голдан соққан.

Турнирлік кесте бойынша "Астана" 19 ұпаймен көш бастап келеді. Бір ойыны кем екінші орындағы "Қайратта" 15 ұпай бар. Қостанайдың "Тобылы" 13 ұпаймен үштікті түйіндеп тұр. 

Ө. Сансызбай