Футболдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Футболдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді
Фото ©️ Vesti.kz

Қазақстан футбол федерациясы Әзірбайжан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

БӨЛІСУ

Ойын 5 маусым күні елордадағы "Астана Арена" стадионында өтеді. Сондай-ақ Қазақстан мен Әзірбайжан жастар құрамалары да жолдастық матч ойнайтын болды. Кездесу 4 маусымға жоспарланған. Бұл ойын да "Астана Арена" стадионында өтеді.

Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары осыған дейін талай рет кездескен. Соңғы рет 2016 жылы Түркияда өткен жолдастық ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Әзірбайжан құрамасы соңғы жаңарған ФИФА рейтингінде 126-орында тұр. Ал Қазақстан қарсыластарынан 7 саты жоғары орналасқан.