Ержан Естанов Расул Мирзаевты үшінші кездесуінде де жеңе алмады

Ержан Естанов Расул Мирзаевты үшінші кездесуінде де жеңе алмады
Фото: massaget.kz

Алматыда өтіп жатқан Fight Nights Global 86 турнирінде қазақстандық спортшы Ержан Естанов пен ресейлік Расул Мирзаев үшінші рет кездесті. Спортшылардың бұл жолғы кездесуі - грепплинг ережесі бойынша өтті. 

Спортсүйер қауым асыға күткен Естанов пен Мирзаев арасындағы "трилогия" да аяқталды. Ресейлік спортшы жеңіске жетіп, Ержан да қарсыласының мықтылығын мойындады.

- Расул Мирзаев шынымен мықты. Нағыз- чемпион. Сіздердің алдарыңызда бір емес, үшінші рет жеңілгеннен кешірім сұраймын,- деді Ержан.

- Ассалаумағалейкум, Алматы. Туған күнімді осы қалада қарсы алдым. Ержан - өзін тамаша көрсетіп, соңына дейін күрескен қарсыластарымның бірі. Ол құрметке лайық, - деді Расул Мирзаев.

Ө. Сансызбай