Сауль Альварестің қанынан допинг табылды

Сауль Альварестің қанынан допинг табылды
Фото: FightView360

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) болатын екінші жекпе-жек алдында допинг-сынақтан өте алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшыға қатысты ақпаратты "Golden Boy Promotions" промоутерлік компаниясы да растады. Бұл туралы БАҚ-қа ресми мәлімдеме жасаған. Мәтін "BoxingScene" басылымында жарияланды. 

Мексикалық боксшының допинг-сынамасынан кленбутерол табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет көлемін өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың салмақ қосуы үшін де пайдаланылады екен.

Golden Boy мәлімдемесінде Сауль Альварестің ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады. Дәл осындай жолмен соңғы кездері ондаған спортшының ағзасынан кленбутерол табылған. Мұны Солт-Лейк-Ситидегі SMRTL зертханасының директоры Дэниэль Айкнер де растап отыр. 

Канело допинг-сынақтан өте алмағаны жайлы промоутер Том Леффлерге және Невада штатының Атлеттер комиссиясына хабарлаған. Себебі бұл ұйым Лас-Вегастағы жекпе-жекті ұйымдастыруға тікелей жауапты.

Golden Boy мәлімдемесінде Сауль Альварестің соңғы 12 жекпе-жегі бойы VADA допинг-сынамасынан өтуді міндет санағаны және ешқашан ереже бұзу бойынша күдікке ілінбегені айтылады. Алдағы уақытта ол жаттығу лагерін Мексикадан АҚШ-қа ауыстырып, жекпе-жекке дейін де, кейін де қажетті допинг-сынама тапсыруға дайын екен.

Ө. Сансызбай