Мадияр Әшкеев доминикандық боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Мадияр Әшкеев доминикандық боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді
Фото ©️ Miguel Salazar

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтіп жатқан бокс кешінде доминикандық боксшы Хосе Антонио Абреуді техникалық нокаутпен жеңді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек 1 минут 52 секундқа ғана созылды. Мадиярдың жойқын соққысынан кейін америкалық боксшы бір тезірлеп барып, қайта тұрды. Қайта тұрғанмен, жағдайының ауыр екенін байқаған төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді. Ешбір  кездесуінде жеңілмеген. Боксшы танымал менеджер Эгис Климаспен бірге жұмыс жасайды. Ол танымал боксшылардың талайымен келісімшарттағы менеджер.

Эгис Климаспен келісімде Сергей Ковалев (31-2-1, 27 КО), Василий Ломаченко (10-1, 8 КО), Александр Усик (14-0, 11 КО) бар. Жақында бұл қатарды Қанат Ислам да толықтырды.

Айта кетейік, Нью-Йорктегі бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов та шаршы алаңға шығып, мексикалық боксшы Алехандро Торресті 6 раундта нокаутпен жеңді. Мадияр да, Мейірім де танымал менеджер Эгис Климаспен келісімшарттағы боксшылар.

Нью-Йорктегі бокс кешінің басты кездесулерінің бірінде жартылай ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Дмитрий Бивол WBA чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол 12 раундта кубалық Салливан Баррераны нокаутқа түсірді. Ал негізгі кездесуде ресейлік Сергей Ковалев отандасы Игорь Михалкинді 7 раундта техникалық нокаутпен жеңді. Жартылай ауыр салмақта WBO чемпиондық атағын қорғап қалды.