Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек қайда өтетіні белгілі болды

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек қайда өтетіні белгілі болды. ESPN басылымы хабарлағандай, екінші кездесу де Лас-Вегаста өтеді.

Қос боксшы арасындағы бірінші кездесу де Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өткен болатын. Екінші кездесу де 5 мамыр күні осында өтпек.

- Мен төртінші рет "T-Mobile Arena"-да жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Оның үстіне GGG-мен тарихи кездесу болмақ. Бұл текетірес осында басталды, осында аяқтаймын. Мен жанкүйерлерім күткендей, оны нокаутқа түсіремін, - деді "Канело" BoxingInsider.com порталына берген сұхбатында.

- қылмыс болған жерге қайта келдік. Бұл жолы төрешілер драма жасай алмайды. Мен бірінші жекпе-жекте жеңіске жеттім. Екінші кездесуде де жеңіске жетем. Бұл кездесу рекорд жаңартады. T-Mobile Arena -дағы айтулы күнім боларына сенемін, - деді GGG.

Головкин мен Альварес 27 ақпан күні Лос-Анджелестегі Microsoft Square L.A. LIVE ойын-сауық кешенінде жұрт алдында көз арбасады. Соңынан баспасөз мәслихатын өткізіп, тілшілер сұрақтарына жауап беретін болады.

Бокс кешінің билеттері 27 ақпан күні сатылымға шығады. Құны 300-5000 доллар шамасында болмақ.

Айта кетейік, Геннадий Головикн мен Сауль Альварес 5 мамыр күні жұдырықтасады. Бұл күні Мексиканың ұлттық мейрамы Синке де Майо тойланады. 1862 жылдың осы күні Мексика әскері Пуэбла қаласында француз әскерін жеңген. Бұл күні Мексикада түрлі фестивальдар мен карнавалдар ұйымдастырылады. Кей өңірлерінде бір аптаға дейін атап өтіледі.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты