Арман Әшімов М-1 чемпиондық атағын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Арман Әшімов М-1 чемпиондық атағын жеңіп алды
Фото ©️ M-1 Global ВКонтакте

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әшімов М-1 уақытша чемпиондық атағын жеңіп алды. Санкт-Петербургте өткен жарыстың басты кездесуінде отандасымыз фин спортшысы Микаэл Силандерді жеңді.

БӨЛІСУ

Ең жеңіл салмақта өткен кездесуде Арман қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Нәтижесінде М-1 чемпиондық атағын иеленген алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр.

Қазақстандық спортшы келесі кездесуін украиналық Александр Доскальчукке қарсы өткізуі мүмкін.

Арман Әшімов – ММА спортынан Қазақстан кубогының иегері, Қазақстан чемпионы, Еуразия және Еуропа К-1 жарыстарында жеңіске жеткен. Alash Pride ұйымдастырған бірнеше турнирлерге қатысқан.