Ресейлік боксшы Геннадий Головкинді сынға алды

О Сансызбай Корреспондент
Ресейлік боксшы Геннадий Головкинді сынға алды
Фото ©️ uga.ru

Ресейлік боксшы, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Пирог (20-0, 15 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

БӨЛІСУ

- HBO Головкиннен құбыжық жасады. Телеарна да, сарапшылар да оны әр жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтайтын құбыжыққа теңеді. Тіпті, Майк Тайсонның жас кезіне ұқсатты. Оның мексикалық мәнерде жұдырықтасатынын айтты. Бірақ менің байқауым бойынша, Гена бұл образға кіріп кеткені соншалық, барлығы психологиялық тұрғыда жұмыс істейді. Головкин, өкінінше қарай, боксшы ретінде дамып жатқан жоқ. Өз басым мұны көрмедім, - дейді Дмитрий Пирог ресейлік тілші Владислав Усачевтің YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазір Геннадий Головкиннің промоутері мексикалық Сауль "Канело" Альварестің командасымен екінші жекпе-жекке келіссөздер жүргізуде. Бейресми деректер бойынша бұл кездесу 5 мамырда өтуі мүмкін.