Мадияр Әшкеевтің қарсыласы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Мадияр Әшкеевтің қарсыласы белгілі болды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің кезекті қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз 3 наурыз күні Нью-Йоркте Доминикан Республикасының боксшысы Хосе Антонио Абреумен жұдырықтасады.

БӨЛІСУ

Мадияр Әшкеев шаршы алаңғы шығатын бокс кеші әйгілі Madison Square Garden кешенінде өтеді. Қазақстандық боксшы бұл кездесуіне тыңғылықты дайындалуда.

Нью-Йорктегі бокс кешінің басты кездесуінде ресейлік боксшылар Сергей Ковалев пен Игорь Михалкин жұдырықтасады. Тағы бір басты кездесудің бірі ресейлік Дмитрий Бивол мен кубалық Саливан Баррера арасында өтеді.

Айта кетейік, бұл бокс кешінде қазақстандық тағы бір кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы әзірге анықталған жоқ.