Қытайдағы әлем кубогында Галышева – алтын, Рейхерд – күміс алды

Қытайдағы әлем кубогында Галышева – алтын, Рейхерд – күміс алды
Фото: today.kz

Фристайлдан  Қытайдың Тайву қаласындағы Secret Garden тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар Юлия Галышева жеңімпаз атанып, Дмитрий Рейхард күміс медаль жеңіп алды.

Могулшы Юлия Галышева гранд-финалда 80,88 ұпай жинап, үздік шықты. Екінші орынға 80,08 ұпай жинаған америкалық Джаэлин Кауф ие болды. Үштікті канадалық Анди Нод (80,03) түйіндеді.

Кеше өткен кезеңде Юлия Галышева күміс медаль еншілеген болатын.

Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд күміс жүлдеге ие болды. Ол 84,92 ұпай жинады. 85,94 ұпай жинаған канадалық Микаэль Кингсбери жеңімпаз атанды. Қоланы аустралиялық Мэтт Грехем (82,96) иеленді.

Ө. Сансызбай