Еуропа лигасы. "Астанаға" "Спортинг" қарсылас атанды

О Сансызбай Корреспондент
Еуропа лигасы. "Астанаға" "Спортинг" қарсылас атанды
Фото ©️ vk.com

Футболдан Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жеребесі тартылды. Қазақ футболы тарихында алғаш болып плей-офф кезеңіне жолдама алған "Астанаға" Португалияның "Спортинг" командасы қарсылас атанды.

БӨЛІСУ

Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалық команда топтық кезеңде 10 ұпай жинап, екінші орынмен 1/16 финалға жолдама алған еді. Плей-оффта отандастарымыз Лиссабонның "Спортинг" командасымен кездесетін болды. Қос команда арасындағы бірінші ойын 15 ақпан күні Астанада, қарымта кездесу араға бір апта сала португалиялық клубтың алаңында өтеді. 

"Боруссия Дортмунд" (Германия) - "Аталанта" (Италия)
"Ницца" (Франция) - "Локомотив" (Ресей)
"Копенгаген" (Дания) - "Атлетико Мадрид (Испания)
"Спартак" (Ресей) - "Атлетик Бильбао" (Англия)
АЕК (Грекия) - "Динамо Киев" (Украина)
"Селтик" (Шотландия) - "Зенит" (Ресей)
"Наполи" (Италия) - "Лейпциг" (Германия)
"Црвена Звезда" (Сербия) - ЦСКА (Ресей)
"Лион" (Франция) - "Вильярреал" (Испания)
"Реал Сосьедад" (Испания) - "Зальцбург" (Австрия)
"Партизан" (Сербия) - "Виктория Пльзен" (Чехия)
"Стяуа" (Румыния) - "Лацио" (Италия)
"Лудогорец" (Болгария) - "Милан" (Италия)
"Астана" (Қазақстан") - "Спортинг" (Португалия)
"Эстерсунд" (Швеция) - "Арсенал" (Англия)
"Марсель" (Франция) - "Брага" (Португалия)

2017/2018 маусымдағы Еуропа лигасының финалы Францияның Лион қаласындағы "Парк Олимпик Лионне" стадионында өтеді. 

Айта кетейік, жаңа ғана Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылған болатын.