Футзалдан Қазақстан құрамасы Ираннан ұтылды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ираннан ұтылды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иранда өтіп жатқан халықаралық "Төрт ұлт турниріндегі" екінші ойынын өткізді.

Бірінші ойында Ресей құрамасымен 3:3 есебімен тең ойнаған отандастарымыз екінші ойында Иран құрамасына 2:1 есебімен есе жіберіп алды.

Бірінші таймда Алматының Қайрат клубы сапында ойнайтын Хоссейн Тайеби Иран құрамасын алға шығарды. 14 минутта Дуглас есепті теңестірді.

Ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Иран құрамасы сапынан Исмаилипур гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы соңғы турда Әзірбайжан құрамасымен ойнайды. Бұл ойын 6 желтоқсан күні өтеді.

Айта кетейік, турнирде бақ сынап жатқан Ресей құрамасы әлем және Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері. Ал Қазақстан құрамасы болса "қарт құрлықтың" қола жүлдегері. Иран құрамасы болса Азия чемпионы. Сонымен қатар әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін Еуропа чемпионаты алдындағы дайындық кезеңінің бірі болмақ.

Еске салайық, Еуропа біріншілігі 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Словения елінде өтеді. Топта отандастарымыз Ресей және Польша құрамаларымен ойнайды.

Иран — Қазақстан 2:1 (1:1)

Голдар: Тайеби 4 (1:0), Дуглас 14 (1:1), Исмаилипур 40 (1:2)

Ескертулер: Ахмади 21 — Дуглас 11

Иран: М.Мохаммади, С.Мохаммади — Хасанзаде (к), Исмаилипур, Ахмади, Тайеби, Рафие, Шаджири, Алиджадр, Джавид, Оладжоба, Оруджи, Сангсефиди, Аббаси

Қазақстан: Игита, Шамро — Жаманқұлов, Лео, Есенаманов, Дуглас, Кнауб, Турегазин, Сүлейменов (к), Першин, Таку, Тұрсағұлов, Ақбалықов, Оразов

Төрешілер: Насирлоу, Рамезани (оба — Иран)

4 желтоқсан. Исфахан. «Нагш-е-Жахан».

Ө. Сансызбай