Дүбірлі доп додасының жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Дүбірлі доп додасының жеребесі тартылды
Фото ©️ vk.com

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Мәскеуде өткен жеребе тастау рәсімінде финалдық кезеңге жолдама алған 32 құрама топтағы қарсыластарын білді.

БӨЛІСУ

Жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Ресей құрамасы А тобына алдын-ала орналасқан. Өзге құрамалар ФИФА рейтингіндегі орындарына байланысты төрт қоржынға жіктелген еді. Осы жүйе бойынша жеребе тартылып, құрамалардың қарсыластары анықталды.

Мәскеудегі салтанатты шараны бұрынғы ағылшын футболшысы Гари Линекер мен ресейлік тележүргізуші Мария Командная жүргізді. Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлеп ашты. Ал француз Лоран Блан, ағылшын Гордон Бэнкс, италиялық Фабио Каннаваро, бразилиялық Кафу, неміс Мирослав Клозе, аргентиналық  Диего Марадона, испандық Карлес Пуйоль, уругвайлық Диего Форлан және ресейлік Никита Симонян құрметті қонақтар қатарында болды.

А тобы: Ресей, Египет, Сауд Арабиясы, Уругвай;

В тобы: Португалия, Испания, Марокко, Иран;

С тобы: Франция, Перу, Дания, Аустралия;

D тобы: Аргентина, Хорватия, Исландия, Нигерия;

Е тобы: Бразилия, Швейцария, Коста-Рика, Сербия;

F тобы: Германия, Мексика, Швеция, Оңтүстік Корея;

G тобы: Бельгия, Панама, Тунис, Англия;

Н тобы: Польша, Колумбия, Сенегал, Жапония;

Әлем чемпионатының ашылу ойыны Ресей мен Сауд Арабиясы құрамалары арасында өтеді.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан.