"Қайрат" футзал клубы УЕФА кубогына іріктеуді жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
"Қайрат" футзал клубы УЕФА кубогына іріктеуді жеңіспен бастады
Фото ©️ afckairat.kz

Футзалдан УЕФА кубогының элиталық кезеңіндегі іріктеу ойындары басталды. Алматының "Қайрат" командасы топтағы бірінші ойында Румынияның "Дева" командасынан басым түсті.

БӨЛІСУ

"Қайрат" бақ сынайтын элиталық кезеңнің топтағы ойындары Испанияның Торрехон-де-Ардос қаласында өтуде. Топтағы бірінші ойында "Қайрат" "Деваны" 5:2 есебімен ұтты. Алматылық клуб сапынан Лео мен Хоссейн Тайеби екі-екі голдан соқса, қақпашы Игита бір допты өз еншісіне жазды.

"Қайрат" пен "Девадан" өзге топта Испанияның "Интер Мовистар" және Португалияның "Брага" командалары бар. Бұл командалар арасындағы ойында испандық ұжым 7:0 есебімен жеңіске жетті. Бүгін "Қайрат" "Брагамен" кездеседі. Топта бірінші орын алған команда ғана "Төрттік финалына" шығады.

"Қайрат" (Қазақстан) - "Дева" (Румыния) 5:2 

Голдар: Лео 7, 32, Игита 16, Тайеби 22, 35  – Матей 2, 34

"Қайрат": Игита, Дуду, Даниэль, Дуглас, Тайнан, Сүлейменов, Жаманқұлов, Есенаманов, Першин, Лео, Дрот, Тайеби, Эдуардо, Алешандре

Дева: Тоница, Панзару, М. Матей, Паулу Ферейра, Ф. Матей, Саву, Игнат, Обадэ, Стойка, Такот, Чомо

Төрешілер: Саша Томич (Хорватия), Паскаль Лемаль (Бельгия) 

Ескертулер: Тайнан 26 -  Такот 32

23 қараша, Торрехон-де-Ардос, "Пабельон Хорхе Гарбахоса"