​Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде көш бастады

О Сансызбай Корреспондент
​Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде көш бастады
Фото ©️ fdk.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Гаагада (Нидерланд) өткен әлемдік "Grand Prix" турнирінен кейін дзюдошылардың жаңарған рейтингін жариялады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

IJF ережесіне сәйкес, әлемдік "Grand Prix" кезеңінде бірінші орын алған дзюдошыға 700 ұпай, екінші орынға 490 ұпай, үшінші орынға 350 ұпай беріледі.

Жаңартылған рейтингте Қазақстан ұлттық қыздар құрама командасының мүшесі Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 4880 ұпаймен әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға моңғолиялық дзюдошы Уранцэцэг Мунхбат (4710 ұпай), үшінші орынға серб Мелиса Николич (3793 ұпай) тұрақтаған.

Естеріңізге сала кетсек, 17 қараша күні Гаагадағы әлемдік "Grand Prix" турнирінде  Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальға қол жеткізген болатын.