"Барыс" "Сібірден" ойсырай ұтылды

"Барыс" "Сібірден" ойсырай ұтылды
Фото: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Новосібірде "Сібір" хоккей клубынан 4:0 есебімен ойсырай ұтылды. Елордалық команда осы маусымда қарсыластарына үшінші рет есе жіберіп отыр.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші және үшінші кезеңде екі-екі шайбадан соғып, жеңіске бастар жолды тауып кетті.

"Барыс" 58 ұпаймен Шығыс конференцияда төртінші орында келеді. 22 қараша күні командалар қайта кездеседі. Осыған дейін Астанада өткен екі ойында да "Сібір" жеңіске жеткен еді.

"Сібір" — "Барыс" 4:0 (0:0, 2:0, 2:0)

Шайбалар:
1:0 — 32:18 Санников. Буллит
2:0 — 39:37 Левицкий (Ермаков). Ойыншы басымдығында
3:0 — 52:24 Демидов (Наумов). Ойыншы басымдығында
4:0 — 56:47 Энлунд. Тең құрамда

"Сібір": Красиков — Морозов, Воробьёв, Демидов, Алексеев, Игнатович, Верещагин, Ермаков, Наумов — Артёмов, Основин, Закриссон, Бергстрём, Энлунд, Бодров, Сигарёв, Санников, Первушин, Коньков, Левицкий, Шаров;

"Барыс": Карлссон — Савченко, Шалапов, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов — Жайлауов, Доус, Лихотников, Вей, Акользин, Старченко, Маркелов, Фрэттин, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Шевченко.

Айып уақыты: 11:52 (0:14, 4:4, 7:34)

Төрешілер: Эдуард Одиньш, Юрий Оскирко

20 қараша. Новосібір. Сібір» 6 022 көрермен.  

Ө. Сансызбай