Еуропадан әлем чемпионатына шыққан барлық құрамалар белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Еуропадан әлем чемпионатына шыққан барлық құрамалар белгілі болды
Фото ©️ vk.com

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына Еуропадағы іріктеу кезеңі аяқталып, жолдама алған барлық құрамалар белгілі болды. Кәрі құрлықтан соңғы жолдаманы Дания құрамасы жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Даттар Ирландияға қарсы қарымта ойында бар күш-жігерін салды. Нәтижесінде Дублинде өткен кездесуде Дания құрамасы алаң иелерін 5:1 есебімен ұтты. Алдымен 6 минутта Шейн Даффи алаң иелерін алға шығарғанмен, Скандинавия түбегі елінің бірінші тайм аяқталғанша екі гол соғып үлгерді. Ал екінші таймда тағы үш гол соқты. Ойында Кристиан Эриксен хет-трик жасаса, Андреас Кристенсен мен Николас Бендтнер бір-бір голдан соқты.

Қос құрама арасындағы бірінші ойында 0:0 есебі тіркелген болатын.

Сонымен Ресейдегі әлем чемпионатына Еуропадан Ресей, Франция, Португалия, Германия, Сербия, Польша, Англия, Испания, Бельгия, Исландия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Дания құрамалары қатысады. 

Айта кетейік, қазіргі таңда әлем чемпионатына жолдама алған 30 құрама белгілі. Бүгін тағы 2 құрама жолдаманы иеленеді. Ал жеребе тастау рәсімі 1 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.

Ирландия - Дания 1:5

Голдар: Шейн Даффи 6 - Кристенсен 29, Кристиан Эриксен 32, Кристиан Эриксен 63, Кристиан Эриксен 73, Никлас Бендтнер 90 (пен.)

Ирландия: Даррен Рэндольф, Сайрус Кристи, Киран Кларк (Шейн Лонг 71), Дэрил Мёрфи, Роберт Брэйди, Джеймс Макклин, Джеффри Хендрик, Стивен Уорд, Дэвид Мейлер (Уэсли Хулахан 46), Шейн Даффи, Гарри Артер (Эйден Макгиди 46)

Дания: Каспер Шмейхель, Симон Кьер, Андреас Кристенсен, Уильям Квист, Томас Делейни, Николай Йоргенсен (Никлас Бендтнер 84), Кристиан Эриксен, Андреас Бьелланд, Йенс Ларсен (Петер Анкерсен 54), Юссуф Поульсен (Андреас Корнелиус 70), Пионе Систо