Роналдудың төртінші баласы өмірге келді

Роналдудың төртінші баласы өмірге келді
Фото: Konica.al

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналдудың төртінші баласы өмірге келді. Қуанышты хабары жайлы футболшы Instagram желісінде жазды.

32 жастағы португалдық ойыншының төртінші баласының анасы – испандық сәнбике Джорджина Родригес. Роналду мен сүйіктісі дүние есігін ашқан қызына Алана Мартина деп ат қойды.

- Алана Мартина қазір ғана дүниеге келді! Анасы мен қызының жағдайы жақсы! Біз өте бақыттымыз, - деп жазды Роналду.

Айта кетейік, Роналдудың суррогат анадан үш баласы бар. Криштиану-кішісі 7 жаста болса, осы жылдың маусым айында Ева мен Матео есімді егіз балалары өмірге келген еді.

Ө. Сансызбай