GGG алдағы жоспарларымен бөлісті

GGG алдағы жоспарларымен бөлісті
Фото: vesti.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring TV арнасына берген сұхбатында алдағы жоспарларымен бөлісті. Соның ішінде ол орта салмақта барлық негізгі титулдың басын қосуды мақсат тұтып отырғанын жеткізді.

- Қазіргі уақытта менің не қалайтынымды айту өте қиын. Аузында сөз ұстап тұратындар өте аз. Кімнің мықты, кімнің ең үздік екенін анықтау - мұндай нәрсе жоқ әзірге. Бұған қол жеткізу өте қиын. Әрине барлық белбеудің басын қоссам деймін. Сонымен қатар Сауль Альвареспен екінші жекпе-жек өткізуге де дайынмын. Осындай мақсат жолдында келеміз. Біз бірнеше қарсыласпен өткізуіміз керек бірнеше жекпе-жегіміз бар. Бірақ бұл оңайға соқпайды. Былайша айтқанда, менің қарсыластарым менен қашып жүр, - деді Головкин.

Сонымен қатар, чемпион спорттан қашан кететіні туралы айтты.

- Мен өзімді әлі бабымда сезінемін,тіпті тамаша бабымда. Жаттығу жасау, еңбек жолында ерінбеу секілді қабілетім төқмендеген жоқ. Соған қарағанда біршама уақыт бойы әлі бокста боламын. Нақты уақытын айта алмаймын әрине. Бұл - бокс, мұнда кез гелген соққы немесе кез келген жекпе-жек барлығын да өзгертіп жіберуі мүмкін. Сол себепті маған барлығы ұнап жатса, мен бокста қала беремін, - деді Головкин.

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа жалғасқан еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, отандасымыз барлық чемпиондық атағын сақтап қалған еді. 

Ө. Сансызбай